Әссәләму әлейкум құрметті бауырлар, достар! _Ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ) хадисінде:_ «Құрбан айт күні адам баласы атқаратын ісінің Аллаһ Тағалаға ең сүйіктісі – құрбандық малын сою», – деген (имам Термизи). Шәкәрім қажы бабамыз *«Мұсылмандық шарты*» атты еңбегінде: _«Зекетке малы толған кісіге жылында құрбан күні бір қой шалмақ уәжіп болады»_, – деп жазған екен. *«Құрбан»* сөзі _«жақын болу», _«жақындық» деген мағыналарды білдіреді. Демек, Алланың ризашылығы үшін құрбандық шала отырып, мұсылман баласы жаратқан Иесіне (сауап істері арқылы) жақындап, күнәларының кешірілуіне мүмкіндік алады. 🐏_*Аллаһ Тағала қасиетті құрбан айтты мүбәрәк етіп ең жақсы түрде өткізуді нәсіп етсін!